Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Интернет-алаяқтықпен күрескен киберполицейдің қызметтегі бір күні

Цифрлық технология дамыған сайын алаяқтықтың да түрі көбейіп келеді. Осындай қауіп-қатерге қарсы тұрып, азаматтардың дербес дерегі мен қаржылық қауіпсіздігін қорғап жүрген киберполиция қызметкерлерінің еңбегі күн өткен сайын маңызға ие болуда. Солардың бірі - ішкі істер органдарында 2012 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Әлібек Керім туралы Polisia.kz сайтынан оқыңыздар.

Әлібек Керім  ішкі істер органдарында 2012 жылдан бері абыройлы қызмет атқарып келеді. Қазіргі таңда ол киберполиция құрамында еңбек етіп, азаматтардың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында тынымсыз қызмет етуде.

Киберполиция қызметі жеделдік пен кәсібилікті талап етеді. Күн сайын банк карталарының бұғатталуына, алаяқтық жолмен ақша аударымдарының жасалуына байланысты көптеген өтініштер келіп түседі. Қылмыскерлер ұрланған қаражатты бірнеше бөгде есепшоттарға бөліп аудару арқылы ізін жасыруға тырысады. Ал кейбір азаматтар өздері аңғармай, "дропперге" айналып, қылмыстық тізбектің бір бөлігіне айналып кетуі мүмкін. Мұндай күрделі схемаларды әшкерелеп, заңсыз әрекеттердің жолын кесу - киберполицияның басты міндеті.

Сонымен қатар интернет кеңістігінде жалған инвестициялық жобалар, сондай-ақ танымал компаниялардың атын жамылған алаяқтық платформалар тұрақты түрде бақылауға алынады.

Киберполиция қызметкерлері қылмыспен күресумен қатар, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға да ерекше көңіл бөледі. Түсіндіру және алдын алу жұмыстары мектептерде, еңбек ұжымдарында, сондай-ақ қоғамдық орындарда жүйелі түрде жүргізіледі.

Киберполицей болу - жоғары жауапкершілікті, үздіксіз ізденісті және кәсіби дамуды талап ететін қызмет. Негізгі мақсат - әрбір азаматтың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру