Интернет-алаяқтықтың алдын алу полицияның назарында
Түркістан қаласында өткен жаңа жылдық шырша жағылу рәсімі барысында қалалық полиция басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында мыңға жуық тұрғынды қамтыған түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара аясында учаскелік полиция инспекторлары мен криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтардың жиі қолданатын айла-тәсілдерін түсіндіріп, сақтық шаралары көрсетілген ақпараттық жадынамаларды тұрғындарға таратты.
Полицияның айтуынша, интернет алаяқтық әрбір азаматқа қауіп төндіретін қылмыс болып табылады. Осыған байланысты тұрғындар белгісіз қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге, жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырылады.
