Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Интернеттегі балгерге 150 мың теңге аударған тұрғын, алданып қалды

Петропавл тұрғыны интернеттегі жалған балгерге 150 мың теңге аударған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға интернет-алаяқтықтың құрбанына айналған 27 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Фатима есімді әйел «Instagram»-да дуадан құтылу,  болашаққа болжам жасау және өмірді жақсартумен байланысты рәсімдерді орындайтыны туралы хабарландыру жариялаған. Аталған қызметтермен пайдаланған қалалық тұрғын бір ай бойы әйелге ақша аударады.  

– Рәсімдерді бастағасын толық орындап шығу қажет.  Барлық дұғаларды аяқтау керек.  Осылайша ол мені бір рәсімнен келесі рәсімді орындауға және ақша аударуға көндірді, ақша майшам, түрлі шөптерді сатып алуға қажет деп түсіндірді, – деді алданған қыз.

Нәтижесінде ол банк картасына және телефон нөміріне 150 мың теңге аударған. Әйелдің нөмірі байланыс аясынан тыс болған кезде ол өзінің алаяқтың құрығына түскенін түсінеді.

– Алаяқтар түрлі айланы пайдаланады. Жыл басынан СҚО-да 300-ден астам интернет-алаяқ фактісі тіркелді. Алаяқтардың арбауына түспес үшін ең дұрысы, күмәнді ұсыныстарға келіспеген жөн. Тауарды тексерілген интернет-дүкендерден немесе  сенімді қосымшалардан сатып алу керек, – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру