Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ірі көлемде балық аулаған браконьерлер ұсталды

Алматы облысының тәртіп сақшылары браконьерлікпен айналысқан Түркістан облысының тұрғындарын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іле өзенінің бойында ұсталған «ВАЗ» жәнен «Ford» автокөліктерден ірі көлемде ауланған балықтар мен қолданыстағы заңнамамен қолдану тыйым салынған электрлі қармақтар, тоқ көздері, сонымен қатар үрлемелі қайықтар табылып, тәркіленген.

Панфилов ауданының тәртіп сақшылары өзге де табиғат қорғау органдарымен бірлесе отырып, арнайы рейд кезінде табиғи байлыққа қол салған браконьерлердің ісін әшкерелеп, ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғады.

– Жеңіл көліктен 100 килограмға жуық әртүрлі балық тәркіленді. Екінші көлікті тексеру кезінде браконьерлікпен айналысқан азаматтар электр тоғын пайдаланып, балық аулағаны белгілі болды. Күдіктілердің балық аулау құралдары тәркіленді және сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін көліктері арнайы тұраққа қойылды, – деді Панфилов ауданы ПБ бастығының міндетін атқарушы Руслан Керімқұлов.

Полиция таратқан ақпарат бойынша қылмысқа қатысы бар күдіктілер Түркістан облысының тұрғындары болып шыққан. Тәркіленген балықтар тиісті қабылдау орындарына өткізіліп, одан түскен қаражат мемлекет пайдасына аударылады. Ал, браконьерлер келтірген материалдық шығын көлемі анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру