Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ірі мөлшердегі алаяқтығы үшін Ресейде іздеуде жүрген азамат Маңғыстаудан ұсталды

Маңғыстау ауданының криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 35 жастағы ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұсталған адамның РФ ІІМ Ярославль қаласының Ішкі істер бөлімі тарапынан РФ Қылмыстық кодексінің 159-бабының 4-бөлігі бойынша іздеуде екені анықталды.

Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 159-бабының 4-бөлігі бойынша ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жасалған алаяқтық үшін, сондай-ақ жәбірленушіге аса ірі мөлшерде зиян келтіргені үшін күдіктіге 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру