Атыраулық полицейлер тұрғын үйден шыққан өрттің бетін қайтарды
Жеке тұрғын үйде 15,7 және 6 жасар үш бала болған. Олардың барлығы дін аман.- деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.
Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау селосының 45 жасар тұрғыны, балалардың анасы Бибігүл Сұлтанованың айтуынша, ол күні отбасының үлкендері қайтқан кісінің жаназасына кеткен.
Аққыстау селосының Елорда көшесіндегі үйде өрт шықты деген дабылды естіген полиция инспекторлары Ғалымжан Науанов пен Бекжан Мұратқалиев оқиға орнына санаулы минуттарда жетеді.
-Жақында ғана полиция департаменті табыс еткен әмбебап құтқару жиынтығы пайдаға асты. Жаңа қораптан өрт сөндіргіш құралды шығарап,ашық жалынға бағыттадық, – дейдi Ғалымжан Науанов.
Көршілермен бiрге уйдегi ер балалар да шелектеп су жеткізіп өртті өшіруге талпынған екен, бірақ ашық жалын біздің құралымыздың көмегімен тез ауыздықталды,- дейді Ғалымжан Науанов.
Жалын басылғанмен қою түтін үйдің кіре бересін алып кеткен.
Тәртіп сақшылары бірден үйге кiрiп, ұйықыда жатқан 6 жасар қыз баланы оятып, ыс тимеуін қадағалаған. Балалардың қауіпсіздігіне алаңдадық, сондықтан құтқарушылар жеткенше жағдайды бақылауда ұстадық,- дейді Бекжан Мұратқалиев.
Белгілі болғандай, өрт жапсаржайда тұрған газбен жылыту қазандығынан шыққан.
Ал полиция департаментінің баспасөз қызметі инспекторлар бірден әдеттегі жұмысын жалғастырғанын айтады. 3 баланың анасы Бибигүл Сұлтанова әлеуметтік желілер арқылы полиция қызметкерлеріне зор ризашылығын жеткізуде.