Ішімдік сату ережесін бұзған 3 дүкен иесі жауапқа тартылды
Темекі өнімдерін сатқаны және алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін дүкеннің үш иесі жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуына жол бергені үшін 70 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. КБО-ға үш кәмелетке толмаған жеткіншек орналастырылды.
Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК талаптарын бұзушылықтың басқа да 72 дерегі анықталды.
Сондай-ақ, балалардың білім беру мекемелеріне дәлелсіз себептермен келмегені және кәмелетке толмағандар тарапынан қылмыс жасағаны үшін ІІО-ға есепке жеті жасөспірім қойылды.
Сонымен қатар, темекі өнімдерін сатқаны және алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы ҚР заңнамасын бұзған дүкен иелеріне хаттама толтырылып, жауап алынды.
– Ата – аналарды және басқа да заңды өкілдерді өз балаларының тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауға, олардың байланыстары мен бос уақытын бақылауға, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыруға және ҚР заңнамасын сақтауға шақырамын», – деп түйіндеді сөзін Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Қуанышбек Қалжанов.