Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішімдікке масайған шығысқазақстандық бомба туралы жалған хабарлама берген

Ішімдікке масайған азамат бомба туралы жалған хабарлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қаңтарда таңғы уақытта ішімдікке масайған ер адам 102 арнасына қоңырау шалып, қаладағы клубтардың бірінде бомба жасырылғанын хабарлаған. Айта кетерлігі күдікті аталған мекеменің тұрақты келушісі болып шықты.

Оқиға орнына дереу полицияның сыртқы жасағы мен жедел тергеу тобы жіберілді. Алайда клубты толық тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат анықталмады.

Полицейлер "ізін суытпай" күдіктіні қолға түсірді. 28 жастағы жергілікті тұрғын өзінің әрекетін алкогольдік масаң күйде жасағанын және болған жайт есінде жоқ екенін айтып түсініктеме берген.

Терроризм актісі туралы жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті терроризм қаупі туралы қасақана жалған хабар таратудың қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Мұндай әрекет қоғамдық қауіпсіздікке зиян тигізіп, тиісті органдардың уақытын зая кетіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру