Ішкі істер министрінің кеңесшісі ҰОС ардагерінің үйіне барды
Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков ҚР ІІМ кадр саясаты департаментінің бастығы Ораз Жолдасовпен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері, сондай-ақ отставкадағы полковник Құрмат Рахимовқа барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рухани әңгіме барысында ардагер майданда және ішкі істер органдарында қызмет еткен сәттерімен бөлісті. Алғашқы кезеңде полицейлер қылмысты ашу мен тергеудің әртүрлі ғылыми-техникалық құралдары мен әдістері жеткіліксіз болған кезде қиын жағдайларда жұмыс істеуге мәжбүр болғанын атап өтті. Қазір, әрине, жағдай түбегейлі өзгерді.
ҰОС ардагері бірнеше ұрпақтан құралған қызмет дәстүрлерін жалғастырып, жас қызметкерлерді патриоттық тәрбиелеумен айналысу қажетілігін, себебі полиция қызметкерлерінің жұмысындағы ең бастысы – адалдық, еңбекқорлық және халыққа қызмет ету екенін атап өтті. Болсамбеков өз уақытында ел мен халық игілігі жолында атқарған барлық жұмысы үшін Құрмат Рахимовқа шын жүректен алғыс білдіріп, халыққа қызмет ету жолында қызметкерлердің жас буынына тәлімгерлік етуін жалғастыруды тіледі.
Кездесу соңында Өмірзақ Болсамбеков Құрмат Рахимовқа Ұлы Отан соғысының батырлары туралы естелік кітапты табыс етіп, ұзақ өмір, денсаулық және амандық тіледі.