Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрінің кубогына арналған қоян-қолтық ұрыстан екі полицей жүлдегер атанды

ІІМ чемпионатынан жүлдемен оралған екі солтүстікқазақстандық полицей, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері Атырау қаласында өткен облыстық полиция департаменттері құрамалары арасында Ішкі істер министрінің кубогына арналған қоян-қолтық ұрыс чемпионатына қатысты.

Команда құрамында 9 спортшы болды. Барлығы да өңір намысын абыроймен қорғады. Дегенмен спорт жолы жеңіспен екі спортшыға бұйырды. Олар жеңіл және ауыр салмақ дәрежелерінде сынға түсті.

62 келі салмақ дәрежесінде полиция лейтенанты Бекзат Тұяқов қола жүлдені жеңіп алды. Ал 97 келі салмақта полиция капитаны Нұрсұлтан Жақыпов үшінші орын үшін өткен белдесуде жеңіске жетті.

Екі жүлдегер де белгілі спортшылардың бірі. Олардың жетістігі басқа әріптестеріне үлгі болып, салауатты өмір салтын ұстануға және қызметтік міндетті атқарудағы дене дайындығын арттыруға жігер береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру