Ішкі істер министрінің орынбасары Абай облысына жұмыс сапарымен барды
Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков жұмыс сапары барысында облыстық ПД бастығы Бектөре Сұлтанмен бірге арнайы бөлімшелердің орналасқан жеріне барып, полиция жұмысын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бөлімшенің жұмысы туралы жедел әрекет ету арнайы жасағының командирі Бағдат Әлменов баяндады. Ол бөлімшеде жауынгерлік дайындықты ұйымдастыру және ЖҚАЖ жеке құрамы үшін мәдени-демалыс орталығының жұмысы туралы айтты.
ЖҚАЖ жеке құрамы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, қылмысқа қарсы күреске белсенді қатысады, сонымен қатар облыс аумағында құқықтық тәртіпті сақтау бойынша маңызды міндеттерді орындайды. Ішкі істер министрінің орынбасары арнайы жасақты қару-жарақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етуге назар салды.
Кездесу барысында Айдар Сайтбеков ішкі істер министрінің ІІО қызметкерлерінің алдына қойған міндеттеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
– Әрбір полиция қызметкері антқа адал болуы керек, күнделікті жұмыста заңды қатаң ұстануы керек. Тек осылай ғана халықтың сенімін қамтамасыз етуге болады, – деп атап өтті Айдар Сайтбеков.