Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрінің орынбасары Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды

Ішкі істер министрінің орынбасары Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Сыр өңіріне жұмыс сапарымен ішкі істер министрінің орынбасары келді. Жұмыс сапары аясында Айдар Сайтбеков адамзаттың өмірін аман сақтаймын деп, антына берік, еліне адал қызмет үстінде адам өмірі үшін жанын қиған Әбішев Кеңесбектің отбасына барды. Өз өмірін құрбан ете отырып, өзінің Отанына және қызметтік борышына адалдығын дәлелдеген тәртіп сақшысының жақындарына алғысын білдірді.

Сонан соң Айдар Сайтбеков Қызылорда облысы полиция департаментінің жұмысымен танысты. Қызмет жағдайын және материалдық-техникалық жабдықталуын тексерді. Әрі қарай Ішкі істер министрінің орынбасары ішкі істер органдарының ардагерлерімен және тәлімгерлермен кездесті.

А.Сайтбеков ардагерлер мен тәлімгерлердің жас қызметкерлердің кәсіби қалыптасуына көмек көрсетіп, патриотизмге тәрбиелеп, елге адал қызмет етуге ынталандыратынын атап өтті.

Бұдан әрі ішкі істер министрінің орынбасары департаменттің басқарма, бөлім басшыларымен, облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасы ротасының және Қызылорда қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының жеке құрамымен кездесті.

Кездесу барысында полиция генерал-майоры бүгінгі таңда Мемлекет басшысының полицейлерге ішкі істер органдарының алдына қойған міндеттері мен министрліктің нақты талаптарына жіті тоқталып өтті. 

Қоғамдық тәртіпті жоғары деңгейде қамтамасыз ету, қызметкерлердің заңдылық пен тәртіпті сөзсіз сақтауы бойынша нақты міндеттер қойды.

– Қоғамдық тәртіпті қырағылықпен қадағалау мақсатында әрбір қызметкер жүктелген міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарауы тиіс. Себебі халықтың полицияға деген сенім деңгейін арттыру мәселесі бүгінгі таңда өзекті, – деді А.Сайтбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру