Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрінің орынбасары СҚО бойынша ҚАЖД мекемелерін тексерді

Ішкі істер министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Сәкен Сәрсенов Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ведомстволық бағынысты мекемелеріндегі үздіксіз бейнебақылау жұмысымен, сондай-ақ адам мен багажды дербес тексеру үшін орнатылған рентген-телевизиялық жабдықтармен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бейнебақылау камераларын орнату, ең алдымен, бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың құқықтарын, олардың қауіпсіздігін сақтауға және қорғауға, сондай-ақ сотталғандар тарапынан да, мекемелер әкімшілігі тарапынан да ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 5 мекеме жұмыс істейді (№48, №50, №51, №52, №66), онда 1500-ден астам үздіксіз бейнебақылау камерасы орнатылған. Бейнебақылау, сонымен қатар адамның жеке басын немесе көлігін анықтап қана қоймай, жасалған құқық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект жүйесіне ие.

– Рентгеноскопиялық сканер жүйесі киімнің астында, сондай-ақ адам денесінің ішінде немесе протездерде жасырылған барлық заттарды анықтайды. Барлық жасырын нысандардың сенімді табылуына кепілдік бере отырып, адамды толық көлемде тексеруді қамтамасыз етеді, соның ішінде аяқ киімді де, – деп атап өтті №50 мекеме бастығы Қанат Сүлейменов.

Сапар барысында Сәкен Сәрсенов ішкі істер органдарының жұмысын цифрландырудың және мекемелерді үздіксіз бейнебақылаумен толық қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру