Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер органдарында 101 жыл қызмет еткен Магомедовтар әулеті

Биыл Магомедовтар әулетінің ішкі істер саласындағы қызметіне 101 жыл толып отыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Соколов полиция бөлімшесінің ардагерлер ұйымы Соколов ауылдық кітапханасының қызметкерлерімен бірлесіп «Заң күзетінде» атты тарихи-танымдық альманах дайындады. Мұнда бөлімшенің ғасырлық тарихы айтылады. Альманахта ерекше қызметкерлерге, олардың тағдырлары мен ерліктеріне, сондай-ақ полиция әулеттеріне көп орын бөлінген. Олардың бірі – Магомедовтар әулеті. Бұл әулеттің өкілі – Хасан Магомедов Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімінде қызмет етеді.

1923 жылы Кодо Магомедов ІІО-дегі қызметтік жолын Шешенстанда бастаған болатын. Ол 30-жылдары бандылардың қолынан қызмет бабында қаза тапқаннан кейін отбасы Қазақстанға жер аударылды. Ал балалары, немере-шөберелері батыл аталарының жолымен ІІО-да қызмет атқаруды ұйғарды. Бүгінгі күні Магомедовтар әулетінің өкілі полиция қызметінде. Оның төртінші ұрпағы осы салада еңбек етіп келеді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Магомедовтарды басқа да қоныс аударушылармен бірге Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударған. Солтүстіктің жері олар үшін нағыз Отанына айналды. Кодоның немерелері Руслан мен Салах осы өлкеде СҚО Булаев ауданы Возвышенко ауылында дүниеге келді. Олар екеуі де аталарының және ІІО саласында 40 жылдай еңбек еткен Харон әкелерінің жолын қуып қылмыспен күресу жолында қызмет атқарды.

Осы әулеттің төртінші ұрпағы Салах Магомедов пен Макки Имрановнаның ұлы Хасан Магомедов Петропавл станциясы ЖПб криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі болып 10 жыл қызмет атқарып, міне 3 жылдан бері осы бөлімнің кезекші бөлімінде аға кезекші-инспекторы болып қызметін жалғастыруда.

Хасан Магомедов 1988 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Соколов ауылында полиция қызметкерлері отбасында дүниеге келген. Бала күнінен ағасы екеуі атасы мен әкесінің жолын жалғастыруды мақсат етіп өскен.

– Мені мектеп бітірген соң қандай мамандық таңдасам болады деген ой мазалаған жоқ. Өйткені атам мен әкемнің жолын қуып, полиция қызметкері болуды жас кезімнен мұрат еттім. Өмірдегі жолымды таңдау кезінде нағыз ер азаматқа лайық қызмет – бұл полиция саласы екенін түсіндім, – дейді Хасан.

Магомедовтар отбасында полиция мамандығына үлкен жауапкершілікпен, аса құрметпен қарайды.

Магомедовтар әулетінің ішкі істер саласында қызмет етіп келе жатқандарына 2024 жылдың тамызында 101 жыл толады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру