Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер органдарында «Үздік жас ғалым – 2021» анықталды

Ішкі істер органдарында «Үздік жас ғалым – 2021» анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҒЗИ ІІО қызметін криминалистикалық қамтамасыз ету мәселелерін зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Гүлдана Шакаримова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында «Үздік жас ғалым – 2021» байқауына қатысты.

Байқауға «Криминалистикалық портреттік зерттеулерде бейнебақылау жүйелерін қолдану перспективалары» тақырыбында жазылған ғылыми мақала жіберіліп, қазылар алқасының жоғары бағасын ала отыра, I-дәрежелі дипломмен және «Үздік жас ғалым – 2021» төс белгісімен марапатталды.

Сонымен қатар, Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі, ғылым мен кәсіби қызмет саласындағы жоғары жетістіктері, Академияның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін Академия бастығының бұйрығына сәйкес алғыс хатпен марапатталды.

Полиция капитаны Г.Шакаримова ІІМ Қарағанды Академиясының 2017 жылы үздік белгімен бітірген түлегі болып табылады. Еңбек жолын Қарағанды облысының полиция департаменті Октябрь полиция бөлімінде тергеу бөлімшесінің тергеушісі болып бастады. Тергеуші, жас полиция қызметкері жұмыс барысында бірнеше томдық эпизодты қылмыстық істерді ашып, нәтижелі жұмыс көрсеткендігі туралы «Фемида Хабаршысы» Республикалық қоғамдық-құқықтық газетінде жарияланды.

Ғылым саласындағы кәсіби қызметін одан әрі жетілдіру үшін Академияның ғылыми-педагогикалық магистратурасына түсіп, 2020 жылы «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша заң ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

Гүлдана Мерекеқызына алдағы уақытта еңбек жолында шығармашылық табыс тілейміз!

Жауап қалдыру