Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер органдарының ардагерлеріне сыйлықтар табыс етілді

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Ішкі істер органдарының ардагерлерін мерекемен құттықтады, –  деп хабарлайды Polisia.kz.

Мереке қарсаңында қызметкерлер ІІО ардагерлері Рысбек Әлібеков, Татьяна Кащеева және Зағипа Бегенованың отбасыларына барды.

– Біз Ішкі істер органдарының ардагерлеріне ұдайы қолдау көрсетеміз. Олар біз үшін Отанға қызмет етудің үлгісі болып табылады. Біздің парызымыз-үлкендерді сыйлау және құрметтеу. Олардың ерлігі мен қайсарлығын жас ұрпақ өмірде және қызметте басшылыққа алатын болады, – деп атап өтті Департамент бастығы Жанарбек Бақтыбаев.

Өз кезегінде ардагерлер полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, ел мен жерге адал қызмет етуге шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру