Ішкі істер саласына өз өмірін арнаған Алтынгүл Коңырбаева
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Polisia.kz редакциясы қос иығына погон тағып, ерлермен қатар елі мен жерінің тыныштығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген арулар жайлы ақпарат ұсынбақ.
Полиция мамандығы – қиыншылығы мен жауапкершілігі мол мамандық. Міне, осындай қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін салаға өмірін арнаған әйелдер қауымы жетерлік. Солардың бірі – Қармақшы ауданы полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі, полиция капитаны Алтынгүл Коңырбаева.
Алтынгуль Торыбаевна – 1982 жылы 30 қазан Қызылорда облысы Арал ауданы Қарақұм совхозында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 2013 жылы Арал ауданынан бастаған.
Алтынгүлдің үкілеп тәрбиелеп отырған Гаухар есімді қызы бар.
– Мен бақытты жанмын, олай дейтінім өзім армандаған мамандық иесі атандым, еліме қолымнан келгенше қызмет етіп, бүгінде құрмет көріп жүрген жайым бар. Иә, полиция мамандығы, әсіресе нәзік жандылар үшін өте ауыр мамандық. Сол ауыртпалығына қарамастан, ер азаматтармен иық тіресе қызмет атқарудамын. Осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Барша әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, ыстық лебізімді білдіремін, – дейді Алтынгүл.