Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер саласында табандылық пен жауапкершілікті жүктеген нәзік жанды қызметкер

Ішкі істер саласында қызмет ету – аса жауапкершілікті талап ететін ауыр міндет, әсіресе нәзік жандылар үшін. Алайда, жаны нәзік болса да, рухы мықты болып, жылдар бойы атқарған қызметімен осыны дәлелдеп келе жатқан Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты  №60 мекемесінің кадр бөлімінің бастығы Гүлмира Алтынбекқызы туралы Polisia.kz сайты аз-кем баяндап бермек.

Ол 2010 жылдан бері ішкі істер саласында аянбай еңбек етіп келеді. Құқық қорғау саласында жұмыс істеуді бала кезінен армандаған Гүлмираның айтуынша, жанұядағы жылылық пен қолдау оның көздеген мақсаттарына жетуіне жол ашқан.

Бала күнінде форма киген қыз-келіншектерді көріп, солардай болуды армандаған Гүлмира бүгінде сол арманына жетіп, өз ісінің шыңына шыққан. Қазіргі таңда ол ҚАЖД-ға қарасты №60 мекемесінің әділет подполковнигі, кадр бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарады.

Кадр бөлімінде еңбек ету кәсіби шеберлік пен жоғары жауапкершілікті талап ететін сала. Гүлмираның қызметі – жұмысқа қабылданушының жеке іс-қағаздарын қабылдап, олардың дұрыс толтырылуын қадағалау. Сонымен қатар мекеменің құрылымдық бөлімдері, қызметтің атауы және әрбір қызметтік орынның штаттық саны да кадр бөлімінде көрсетіледі. Ол қызметкерлердің жұмыс уақытын бақылап, олардың жұмысқа уақтылы келуін және кетуін тіркейді, жұмысынан босайтын қызметкерді босату туралы бұйрықтар дайындайды. Қызметкерлерді қабылдау, оларды қызметке бейімдеу және еңбек тәртібін бақылау сияқты жұмыстарды бөлімшелер басшыларымен бірлесе отырып жүзеге асырады.

Гүлмира Алтынбекқызының мұқияттылығы мен жауапкершілігінің, адал қызметінің нәтижесінде ол бірнеше мәрте мемлекеттік марапаттарға ие болды. Қылмыстық-атқару жүйесінде ерлерге тән ауыр қызметті абыроймен атқарып, нәзік жанды әйел ретінде де өз міндетін жоғары деңгейде орындайтын Гүлмира екі ұл тәрбиелеп отырған аяулы ана.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру