Істі болған әйелдер жетімдер үйіне киімдер дайындады
Солтүстік Қазақстан облысының істі болған әйелдері қайырымдылық негізінде қараусыз қалған балаларға қажетті,қыстық киімдерін тігіп берді,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің сотталған әйелдерінің көңілінде қайырымдылық пен мейірімділіктің бастауы жатыр.
Әкімшіліктің қолдауымен мекеме аумағында балалар үйлерінің балаларына көмек көрсету қайырымдылық қоры жұмыс істейді . Мекеме әкімшілігі орын- жайды, жұмыс үшін өндіріс құралдарын, тоқу цехынан тігін шеберханасын бөлді. Әйелдер пинеткалар, шұлықтар, гольфиктер, жетім балаларға арналған қолғап тігеді. Қайырымдылық негізде бұйымдар тігуге арналған материал Петропавл қаласының орталық мешіті ұсынады.
2020 жылғы 03 ақпанда мекеме өкілдерінің СҚО балалар үйіне және балалар ауылына кезекті сапары өтті. Олар суық қысқы ауа райына қажетті жылы киімдерді табыс етті. Мекеменің сотталған әйелдері ерекше жылы, қартайған және жетімдерге пайда әкелу ниеті бар өздерінің бұйымдарын дайындайды, олардың еңбегінің жемістері өте қажет екенін біле отырып, балаларға өз жүректерінің бір бөлігін береді. Өйткені мейірімділіктің қайнар көзі олардың жанашырлығы мен мейірімділігінің негізінде жатыр, біреудің жанының ауыруын түсінетін тереңде жатыр.