Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Италия Премьер-министрінің сапары аясында Қазақстан мен Италия арасындағы реадмиссия туралы келісімге қол қойылды

Астанада Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы реадмиссия туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Құжат Италия Министрлер кеңесінің төрайымы Джорджа Мелонидің ресми сапары және оның Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі аясында жасалды.

Келісім екі елдің азаматтары болу шарттарын бұзған жағдайда оларды отанына қайтару рәсімін жеңілдетуге және жеделдетуге бағытталған. Атап айтқанда:

• айыппұл санкцияларын қолданудан бас тарту;

• қажетті құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу;

• екі елдің уәкілетті органдары арасындағы өзара іс-қимыл көзделеді.

Құжатты іске асыруға Қазақстан мен Италияның ішкі істер министрліктері жауапты болады.

Осы Келісімді дайындау туралы уағдаластыққа Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы қаңтардағы Италияға ресми сапары барысында қол жеткізілді.

Қазақстанда осындай уағдаластықтар 21 мемлекетпен жасалған. Жаңа құжат азаматтардың құқықтарын қорғаудың қосымша құралына айналып, екі ел арасындағы сенімнің жоғары деңгейін растайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру