Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Итті көлікке байлап айдаған автоәуесқой анықталды

Алматыда итті көлікке байлап айдаған автомобиль әуесқойы анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алатау аудандық Полиция басқармасының хабарлауынша, ит байланған көліктің иесі бірден анықталды. Ол ұсталды және полицияға істің мән-жайын анықтау үшін жеткізілді.

«Бұл – 1991 жылы туған М.есімді азамат. Жергілікті тұрғын. Өзін ақтау кезінде ер адам итін серуендету үшін жиі осылай жүретінін түсіндірді. Ол бұлай жасауға болмайтындығы туралы білмегенін айтты. Ер адамның әрекеті ҚР ӘҚбК-нің 408-бабы (иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзу) бойынша қарастырылады. Бұл құқық бұзушылық ескертуге немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

М.есімді тұрғынмен алдағы уақытта осындай фактілердің қайталанбауы үшін құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді», – деді, Алатау аудандық Полиция басқармасының басшысы Ілияс Өмірсеріков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру