Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Із-түссіз жоғалып кеткен Өзбекстан азаматшасы Алматыда аман-есен табылды

Із-түссіз жоғалып кеткен Өзбекстан азаматшасы Алматыда аман-есен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұған дейін БАҚ 39 жастағы Өзбекстан азаматшасы Қазақстанда жоғалып кетті, оның туыстары онымен бір жыл бойы байланысқа шыға алмады деген ақпарат таратқан.

– Бұл мәселе бойынша СІМ арқылы ешқандай ресми мәлімдеме болған жоқ. Соған қарамастан жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, нәтижесінде әйел табылды. Әйелдің «Тастақ» шағын ауданындағы кафелердің бірінде жұмыс істейтіндігі, бірақ қаланың Медеу ауданында тұратындығы анықталды. Ол өзінің туыстарымен жеке мәселелер бойынша және тұрақты табыстың жоқтығын ескере отырып байланыспағанын түсіндірді.
Сондай-ақ, әйел әзірше үйге бармайтынын айтты, – деп хабарлады Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру