Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Іздестіру» іс-шарасы: Павлодар облысында іздеуде жүрген 13 қылмыскер ұсталды

Павлодарда «Іздестіру» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында іздеуде жүрген 13 қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында «Іздестіру» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 13 қылмыскер ұсталды, оның ішінде сегіз қылмыскер Ресей Федерациясының полиция қызметкерлерінің іздеуінде болған. Төртеуі ауыр қылмыс жасаған.

– Мәселен, облыс орталығында патрульдік полиция батальонының инспекторлары Ресей Федерациясының Новосибирск қаласындағы әріптестері іздестіріп жатқан 22 жастағы қылмыстық құқық бұзушының тұрған жерін анықтады. Ер адам денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін іздестірілді, оған қатысты ҚК-нің 115-бабы бойынша іс қозғалды, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Сондай-ақ, Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының 61 жастағы азаматы анықталды, оны Омбы облысы бойынша полицияның 2014 жылдан бастап мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін іздеуінде болған. Соңғысына қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 322-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу жүргізілді.

Айта кету керек, «Іздестіру» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында із-түзсіз жоғалған 18 жастағы қала тұрғынының орналасқан жері анықталды. Ол құрбыларымен пәтер жалдап тұрған екен. Қала тұрғыны 2 наурыздан бастап туыстарымен байланысқа шықпаған. Полицейлердің көмегіне қыздың ағасы жүгінді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру