Кадрлық өзгерістер: ҚАЖД-да алты жаңа басшы
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі мен ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің басшылары тағайындалды,- деп хабарлайды Polisia.kz.
Алты облыста басшылар ауысты:
- Ақтөбе облысы бойынша – әділет полковнигі Шамишев Алмас Әбжанұлы;
- Алматы облысы бойынша-әділет полковнигі Әбдікәрімов Серік Жақсылықұлы;
- Алматы қаласы бойынша-әділет полковнигі Қанатбеков Дархан Тұрсынұлы;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – әділет полковнигі Ізтілеуов Азамат Әбдіғалиұлы;
- Қарағанды облысы бойынша-әділет полковнигі Тәкешев Ғазиз Әбікенұлы;
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – әділет полковнигі Ахметжанов Рустан Серікұлы.
Тағайындалған басшылар бұрын облыстардағы ҚАЖД басшы лауазымдарын атқарған, пенитенциарлық жүйеде көпжылдық тәжірибесі бар екендігін атап өткен жөн.