Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кафе иелері тәртіпке көнер емес

Түркістан облысы Арыс қаласында төтенше жағдай кезінде жұмыс жасаған кафе қожайыны жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Короновирустың таралуына жол бермей,  алдыналуға бағытталған рейдтік ісшаралар барысында Арыс аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері бірнеше заң бұзушылықтарды анықтап, шара көрілді. Нақтырақ айтсақ, аудандық полицейлері түнгі уақытта адамдардың көп шоғырланып, топтасуына кедергі келтірді. Яғни туған күн, кішігірім отырыстар болатын кафебарларды тексеріп, олқылықтарды байқады.

Мәселен, Арыс қаласындағы белгілі сауда орталығында орналасқан кафе сағат түнгі 22:00-ден кейін жұмыс істеп, тұрғындарға қызмет көрсетіп отырғаны белгілі болды.​​​​​​​​ Аталған жайтқа байланысты Арыс аудандық полиция бөлімінің полицейлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша хаттамалар толтырды.

​​​​​​​​​​ҚР Президенті қаулысымен 16 наурыз бен 15 сәуір күндері аралығында республикамызда төтенше жағдай жарияланды. Осыған орай Түркістан облысының полицейлері күшейтілген режимде жұмыстар жүргізіп жатыр. Соның арқасында тәртіп сақшылары төтенше жағдай режимін бұзудың 70-ден астам жайтын анықтаған. Құқық бұзушыларға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 17-сі әкімшілік қамауға алынған.​​​​​​​​Полицейлер облыс тұрғындарына ескертеді, төтенше жағдай кезінде заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, мүмкіндігінше сақтық шараларын жасаңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру