Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«КамАз» жүргізушісі жол ережесін бұзып, полицейлерді қорлады

Түркістан облысында «КамАз» жүргізушісі жол ережесін бұзып, полицейлерді қорлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД ЖПҚ-ның қызметкерлері билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбаған және жасырынуға тырысқан жүк көлігінің жүргізушісін ұстады.

Демалыс күндері Келес ауданының «Жібек-жолы – Жетісай» тас жолында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кезекті рейд жүргізді. Осы уақытта патрульдік полиция батальонының инспекторлары жол қозғалысы ережелерін бұзған «КАМАЗ» автокөлігін тоқтатты. Алайда, жүк көлігінің жүргізушісі полицияның заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсетіп, боқауыз сөздер айқтан.

Жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыны ұстады және аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Қазіргі уақытта аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 378-бабы (Билік өкілін қорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Орын алған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.

Сонымен қатар, ЖҚЕ бұзған тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы (Жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және заңдарды бұзбауға шақырады. Егер сіз осындай құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың куәгері болсаңыз, дереу полицияға «102» нөмірі арқылы хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру