Кәмелетке толмаған 71 бала полицияға жеткізілді
Ақтөбе облысы аумағында ағымдағы жылдың 5-14 қараша аралығында «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жасөспірімдер қылмысын алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болу фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ күзгі демалыс кезеңінде алкогольдік ішімдіктерді, темекі өнімдерін кәмелетке толмағандарға сатуды болдырмау мақсатында.
Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар жүргізді.
Нәтижесінде жедел-профилактикалық іс-шараның бірінші күні ІІО-ға 71 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, оның ішінде 69-ы сағат 23.00-ден 06.00-ге дейінгі мерзімде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған.
Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 10 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ІІО есебіне 15 жасөспірім және 14 қолайсыз отбасы алынды.
Жасөспірімдер жасаған қылмыстардың негізгі себебі – олардың іс-әрекеттің ауырлығын білмеуі. Сондықтан құқықтық тәрбие қоғамдағы құқықтық мәдениетті және адамның заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Полиция департаменті ата-аналарды балалардың ерте жастан мінез-құлқына назар аударуға және кіммен сөйлесетінін, баласының қайда екенін білуге және балаңыздың кешкі уақытта үйден шығуына жол бермеуге шақырады.