Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімін сатудың 3 фактісін анықтады

Павлодарлық мектеп инспекторлары тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдерімен және білім беру өкілдерімен бірлесе отырып, рейдтік іс-шаралар өткізіп, нәтижесінде Павлодар өңірінің 421 сауда нысанын тексерді.

Аталған нысандар алкоголь ішімдіктері мен темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау үшін тексерілді. Ағымдағы жылдың қаңтар айының 20 күні ішінде 21 жасқа толмаған тұлғаларға арақ-шарап өнімдерін сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін белгіленбеген уақытта сату фактілері анықталды.

Сағат 21.30-да Павлодар қаласындағы дүкендердің бірінде сатушы кәмелетке толмағанға алкоголь өнімдерін «Х» бір бөтелке ішімдік сатқан. Басқа дүкенде сатушы «L» 5 қорап темекі сатқан. Ал, 35 жасар сатушы «З» бір бөтелке ішімдігін және «Э» екі бөтелке сырасын кәмелетке толмағанға сатты. Сатушылардың айтуы бойынша, оларға барлық кәмелетке толмағандар ересек адамдар болып көрінді, сондықтан,құжаттарды сұраған жоқ.

Барлық фактілер бойынша полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБК 200 бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру