Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Камералардың көмегімен 523 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді – министр

Елімізде камералардың көмегімен қылмыстардың 58 пайызынан астамы ашылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрінің сөзінше, көшелердегі құқықтық тәртіпті сақтау нығаюда.

- Саябақтар мен аулалардағы қауіпсіздікке баса назар аударылады. Халық көп жиналатын орындарда дабыл түймелері мен стационарлық бекеттер жұмыс істейді. Бейнебақылау жүйелері дамытылуда. Камералардың көмегімен қылмыстардың 58 пайызынан астамы ашылып, 523 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Бұл ретте негізгі мақсат – жазалау немесе айыппұл салу емес, қоғамда құқық бұзушылыққа деген төзбеушілікті қалыптастыру. Айта кету қажет, әр оныншы жағдайда полиция ескерту жасаумен ғана шектелген, - деді ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру