Карантин кезінде той ұйымдастырған тұрғындар жауапқа тартты
Түркістан облысының полицейлері карантин кезінде той ұйымдастырған тұрғынды жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда Мақтаарал ауданының полицейлері күнделікті карантин талаптарының сақталуы бойынша күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шараларды жүргізуде. Осындай кезекті тексеру кезінде учаскелік полиция инспекторлары мобилдік топпен бірге Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылы нда жергілікті тұрғын інісін үйлендіріп, беташар тойын өткізіп жатқанын анықтады. Аталған тойға 60-тан аса адам жиналған. Тәртіп сақшылары белгіленген талапты сақтамай, тойға қатысушы тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жиналған қауымды тарқатты.
Сондай-ақ адамдардың көптеп шоғырлануына жол беріп, той иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған ақпараттар шешім қабылдау үшін тиісті органға жолданып, айыппұл салынды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарын сақтап, бетперде тағып, арақашықты сақтап, үнемі антисептик қолданып, адамдар көп болатын орындарға бармауға кеңес береді. Бүкіл әлемді жайлаған індеттен сақтануды ұмытпаңыз!