Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин кезінде жұмыс істеп тұрған сауна анықталды

Карантин енгізілгеннен бері Маңғыстау полицейлері шектеу шараларын бұзу фактілерін анықтау бойынша рейдтер жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 тамыз сағат 20.00-де осындай іс-шаралар барысында Маңғыстау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының жедел қызметкерлері Ақтау қаласының 29 шағын ауданында жұмыс жасап тұрған «Арай» саунасын анықтады.

Полиция қызметкерлері мекеме иесін жауапқа тартты. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Материал Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев барлық азаматтарды карантин ережелерін бұзбауға, шектеу шараларын сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру