Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин режимін бұзған Атырау облысының тұрғындары анықталды

Атырау облысында 770-тен астам
карантин режимін бұзғандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс полицейлерімен дүкендер мен супермаркеттердің, кафе-мейрамхана иелері тарапынан, сонымен қатар, түнгі 23.00-ден кейінгі шектеулерді орындамаған 400-ден астам бұзушылық деректері анықталды.

Департамент бастығы Қамза  Үмбетқалиевтың айтуынша, 11 шілдеден бастап құрамында
әкімдік, санитарлық-эпидемиологиялық және полиция өкілдері бар мониторингтік топтармен карантин режимін бұзған 388 дерек анықталды.

Осы мерзім ішінде облыста салынған тыйымдарға қарамастан, үйлерінде адам жинап, жиын-той, садақа өткізген 19 отбасы анықталды.

Мобильдік топтармен дәрі-дәрмектердің бағасын негізсіз өсіру деректерін анықтау мақсатында, 50-ден астам дәріханалар тексерілді.

Тексеріс барысында қаладағы вокзал маңы 3 мөлтек ауданындағы, Баймұханов көшесіндегі ғимараттардың біріндегі және Құрманғазы ауылындағы дəріхалардың бірінде дəрі-дәрмектерді көтерме бағамен сату деректері анықталды.

Сонымен қатар, тексеру кезінде белгіленген шектеулерді орындамаған бірнеше дүкен анықталды. Мысалы,  СМП -163 ықшам ауданындағы азық- түлік дүкені сағат 21.30 шамасында жұмыс жасап тұрған.

Облыс орталығы Атырау қаласында карантиндік шектеулерді орындамаған 450 бұзушылық деректері тіркелді.

Тәртіп сақшылары Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 17 шілдедегі 57 қаулысына сай,  Атырау облысы аумағында коронавирус  инфекциясының таралуын
азайту бойынша қатаң карантиндік шаралар 19 шілде сағат  00-ден бастап, 3 тамыз сағат 00-ге дейін  ұзартылғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру