Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин режимін бұзған массаж шеберлері жауапқа тартылады

Павлодарда карантин кезінде массаж шеберлері ретінде интим қатынасын ұсынған екі әйел қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлерінің рейдтік іс-шараларын жүргізу барысында басқа қаладан келген екі қызды жалдамалы пәтерде қолға түсірді. Олар массаж шебері ретінде интим қызметін ұсынған.

– «Қыздар», «Қыздар Нет» веб-сайты әзірлеген прайс-парақтарында қызмет бағасын көрсете отырып, интим қызметіне ұсынуға еркектерді іздестірген, – деді облыстық криминалдық полиция бастығының міндетін атқарушы Денис Лоскутов.

Олар өздерінің «қызметтерінің» бастапқы бағасын сағатына 25 мың теңгеден бағалады.

Тәртіп сақшылары бұл жұмысты өзіне кәсіп еткен 30 жастағы Шығыс-Қазақстан облысының тумасы мен Алматы қаласынан келген 31 жастағы әйел екенін анықтап айтты.

Массаж шеберлеріне қатысты заңнама талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 449 және 492-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, карантиндік режимнің бұзылуын анықтау мақсатында рейдтер барысында 2020 жылдың тоғызыншы тамызында павлодарлық жедел уәкілдер эротикалық массаж қызметін ұсынатын массаж салонын анықтаған. Төрт қыз салонда массаж шебері ретінде жұмыс істейді. Барлық қыздар, яғни массаж шеберлері 20-22 жас аралығындағы Павлодар облысының тумалары коронавирустық инфекцияның қаупін ескерместен, өз клиенттерін табуға тырысқан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру