Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин талаптары күшейтілді

Түркістан облысының Түлкібас ауданының аумағында 2020 жылдың 11 айында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша 585 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері құқықтық тәртіп пен қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды.

Түлкібас АПБ қызметкерлері 2020 жылдың 11 айында 12 630 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Атап айтқанда мас күйінде автокөлік басқарғаны үшін 59 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ортақ пайдалану орындарын ластау бойынша 870 хаттама, жол-көлік оқиғалары бойынша 64 әкімшілік хаттама толтырылған.

Сондай-ақ карантин режимін бұзудың 585 дерегі анықталды.

Қазіргі уақытта аудан полицейлері сақтық шараларын қабылдау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, карантин талаптарын бұзушыларды анықтау бойынша шаралар қабылдауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру