Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин талаптарын бұзған тұрғындар анықталды

Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында күнделікті іс-шаралар жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында Түркістан облысында күнделікті тұрақты түрде іс-шаралар жүргізілуде. Осы тұста Арыс АПБ-нің қызметкерлерімен Арыс қаласы әкімінің орынбасары бірлесіп бастаған арнайы мониторингтік топ рейдтік жұмыстар атқаруда. Олар қаладағы тамақтану орындарына, сауда үйлеріне, азық-түлік дүкендерінде, адам көп шоғырланатын орындарда карантин талаптарының сақталуын қатаң түрде қадағалауда.

Аталған шара барысында адам көп жиналатын аймақтарда медициналық бетпердесіз жүрген екі азамат анықталды. Оларға қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша тиісті материалдар жинақталып, құжаттар заңды шешім қабылдау үшін Арыс аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.

Осы тұста айта кетер жайт, Арыс ауданы аумағында мобильдік топтар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша жыл басынан бері карантин талаптарын бұзудың 15 жайтын анықтады, оның ішінде 10 жайт медициналық бетпердесіз жүрген тұрғындар болса, қалған бесеуі түнгі уақыттарда жұмыс жасап тұрған азық-түлік дүкендері.

Түркістан облысы Полиция департаменті карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді. Сондықтан Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтау, бетперде кию және арақашықтықты сақтауды естен шығармаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру