Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин тәртібін бұзудың 107 дерегі анықталды

Алматы облысында карантин тәртібін бұзудың 107 дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Коронавирус індетінің белең алуына байланысты тәртіп сақшылары күшейтілген қызмет түріне ауысқанын барлығы біледі. Дегенмен, Алматы облысындағы санитарлық-алдын алу шараларын бұзуға бейім 100 астам тұлға анықталды.
Облыста ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының талаптары 107 мәрте бұзылғаны белгілі болды. Төтенше жағдай тәртібін бұзуға жол берген 41 тұлға қамаққа алынып, 46 азамат айыппұл арқалаған. Қалған құқық бұзушылар ескерту алумен шектелген.


Оның ішінде ең көп тіркелгені – 49 рет карантин аумағына кіруге немесе тыйым салынған аумақтан шығуға әрекет еткен. Аталған деректер бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін хаттама толтырылған. Карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзуді бұзғаны үшін 33 хаттама жазылған. Сот шешімімен 27 тұлғаға айыппұл салынып, екі азамат әкімшілік қамаққа алынған.


Құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша Іле ауданының полицейлері 34 деректі әшкерелепе топ бастаса, Қарасай ауданында 26 дерек және Талдықорған қаласында 14 дерек тіркелгені белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру