Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин: шатырлы қалашықтар бой көтере бастады

Алматылық құтқарушылар тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдарға арнап шатырлы қалашықтар тұрғызды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Онлайн-конференция өткізген қала әкімі тұрақты панасы жоқ адамдардың назардан тыс қалмайтынын айтып сендірді.

Шатырлы қалашық тұрғызуға Алматы қаласы ТЖ Департаментінің Өрт сөндіру қызметі мен жергілікті әкімдіктегі Құтқару қызметінің қызметкерлері көмектесті.

Алматы қаласының Жетісу ауданында орналасқан шатырлы қалашық 300 адамға дейін қабылдай алады. Лагерь барлық қажетті заттармен: көрпе- төсектер, биодәретханалар, жуынатын орындар және ас үй құралдарымен жабдықталған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТЖ Департаментінің қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі ережелері жазылған жадынамалар ілініп, аумақтары тазартылды, периметр бойынша жарық орнатылды.

Жылжымалы шатырлы қалашық тасымалдау жұмыстарын қосқанда жарты жұмыс күнінің ішінде орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру