Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантиндегі кезекті той Отырар ауданында тоқтатылды

Отырар аудандық полицейлері карантин кезінде қонақ шақырып, той жасаған тұрғындарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар ауданының полицейлері Қоғам ауылындағы жергілікті тұрғынның бірі өз үйінде 30-ға жуық туыстарын жинап, қыз ұзату тойын өткізіп жатыр деген хабарлама алысымен мобильдік топпен тез арада көрсетілген мекен-жайға жетіп, тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде той тоқтатылып, той иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша хаттама толтырылып СЭББ-ға жолданды.

Түркістан облысының полицейлері Covid-19 коронавирустық инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне орай, карантиндік режимнің сақталуын бақылау бойынша іс-шаралар жүргізуді жалғастыруда. Мобильді топтар азаматтардың, сауда және ойын-сауық орындарының, дүкендер мен базарлардың иелерімен, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде және көшелерде карантин мен өзін-өзі оқшаулау режимінің сақталуын тексеруде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру