Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантиннен кейінгі өтпелі кезеңде Алматы облысының тұрғындарын мерзімі өткен жеке куәліктері үшін жауапқа тартпайды

Өтпелі кезең ҚР тұрғындарына төтенше жағдай кезінде мерзімі өтіп кеткен жеке басын куәландыратын құжаттарын әкімшілік жауапкершіліксіз ауыстыруға мүмкіндік береді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 2020 жылғы 12 мамырдан бастап Алматы облысының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының барлығы таңертеңгі 08.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс жасауда. Қызмет көрсету орталықтарындағы халықтың көп жиналуының алдын алу, сондай-ақ тұрғындарды қабылдауды ұйымдастыру мақсатында үш мобильді ХҚКО мен төрт мобильді топ құрылды. Олар ауылды елдімекендерге барып, мемлекеттік қызмет көрсетеді, – деді Алматы облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Елмұрат Нұрсеитов.


12-14 мамыр аралығында Алматы облысы көші-қон қызметінің тәртіп сақшылары 4500 астам электронды өтініш қабылдап, 130 қағаз нысан рәсімделген.


Сонымен қатар, полицейлер қазіргі уақытта облыстағы барлық ХҚКО жағдай тұрақты және үнемі бақыланатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру