Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кәсіпкерлерге ШҚО колонияларында өндіріс құру ұсынылды

Шығыс Қазақстан облысындағы ОВ-156/21 мекемесінде жеке кәсіпкерлерді тарту, сондай-ақ сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз етуді арттыру бойынша семинар өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Диалог алаңында Жарма ауданы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы Дастан Мұхаев, шағын және орта бизнес өкілдері, «Еңбек-Өскемен» федералды республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілі Асқар Смағұлов кездесті.

Әңгімелесу барысында қатысушылар түзеу мекемесі аумағында өндірісті ашу үшін ұсынылған үй-жаймен және қолайлы жағдайлармен танысты.

Бұл ретте ұйымдастырушылар кәсіпкерлер үшін тамаша жағдайлар бар екенін атап өтті. Мекемелерде кәсіп ашуға кететін шығынның ең аз мөлшері туралы талқыланды.

– Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өз кәсібін ашып, табыс табуға ұмтылатын барлық кәсіпкерлер үшін біршама мүмкіндіктер көзделген. Біріншіден, кейіннен өтеу құқығынсыз сенімгерлікпен басқару шартын жасасу арқылы өндірісті жалға беру мүмкіндігі бар. Яғни, жеке кәсіпкерлер электр қуаты мен коммуналдық қызметтер үшін төлем жасай отырып, сенімгерлікпен өндіріс ашуға мүмкіндік алады. Әкімшілік өз кезегінде жұмыс күшімен қамтамасыз етуді, бейнебақылауды, өндірістегі өнім мен жабдықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Біздің мекемеде сотталғандарды жұмысқа орналастыру мәселесіне ерекше назар аударылады, бірінші кезекте біз атқару бұйрығымен талаптары бар және сот үкімімен тағайындалған тұлғаларды жұмысқа қабылдаймыз. Мекемеде бірнеше жеке кәсіпкерлер жұмыс істейді, сонымен қатар сотталғандар мекеменің экономикалық қызметтерінің штатында жұмыс істейді, – деп қорытындылады мекеме басшысының орынбасары Анара Сәбиева.

Еңбекақы қорының ең төменгі шығындары кәсіпкерлер үшін қосымша пайда табуға маңызды. Деректерге сүйенсек, сотталғандардың орташа жалақысы қазір 42 500 теңгені құрайды.

Семинар барысында кәсіпкер Жасұлан Уаханов Кәсіпкерлер палатасының жаңа өкілдерімен тәжірибе алмасты.

Мен бірнеше жылдан бері кәсіппен айналысамын, мекемеден тыс жерде өзімнің жеке қызметім бар, бірақ бұл жерден қолайлы жер жоқ. Қыз-келіншектер өз жұмыстарына жауапты қарайды және гигиена мен тазалық стандарттарының барлық талаптарын сақтайды, – дейді кәсіпкер Жасұлан Уаханов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру