Кәсіпкерлерге түзеу мекемесінен ұсыныс түсті
Алматы облысы бойынша ҚАЖ департментіне қарасты ЛА-155/14 мекемесінде сотталғандарды жұмыспен қамту толыққанды жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нақтылай түссек, аталған мекемеде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің қызметкерлері өңірдегі кәсіпкерлермен заман талабына сай кездесу ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты мекеме аумағында орналасқан бос өндіріс аймақтарын іскер жандарға көрсету болды. Кез келген кәсіпкерге бос ғимараттарды жалға алып ісін ашудың тиімді жағын баяндап, жеке кәсіпкерлерді ЛА-155/14 мекемесінде өз кәсіптерін ашуға шақырды. Мекеме аумағында наубайхана, тігінцехы, жылы жай ашу, жер теліміне көкөністердіотырғызу жөнінде ұсыныс білдірді.
ЛА-155/14 түзету мекемесінде тоқсан сайын қалалық прокуратура мен кәсіпкерлер палатасы кіші және орта бизнес өкілдерімен ашық есік күні өткізілуде. Еліміздегі түзету мекемелерінде жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес, жазасын өтеушілерді еңбекпен қамтуды дұрыс жолға бағыттау көзделген. Бұл ең алдымен сотталғандардың мемлекет пен жеке тұлғалар алдындағы қордаланған қарыздарын өтеуге ықпал етпек. Сонымен қатар, бұл оларды психологиялық тұрғыда қолдаудың тиімді тәсілі.
Мекеме әкімшілігі тарапынан сотталғандарды жұмыспен қамту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда және де сотталғандарды ақылы еңбекпен қамтамасыз етуді көбейту бойынша жұмыс жалғасуда.