Кәсіпорыннан материалдарды қолды қылған қарағандылық анықталды
Кәсіпорыннан материалдарды ұрлап кеткен қарағандылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 қыркүйекте Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне кәсіпорындардың бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама түсті. Белгісіз біреу құрылыс алаңынан электродтарды, шүмектерді, клапандарды және биметалдық жылыту радиаторын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 325 мың теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкері күдікті – 26 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.