Келес полицейлері тұрғыннан психотроптық дәрінің 250 данасын тәркіледі
Келес полицейлері тұрғыннан психотроптық дәрінің 250 данасын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz
Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы түрлі қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алуда тәулік бойы қызмет етуде.
Мәселен, Келес АПБ тәртіп сақшыларына «Учаске» жедел-профилактикалық шарасы кезінде жергілікті тұрғынның бірі үйінде құрамында есірткісі бар, сатуға тыйым салынған дәрі-дәрмектерді қолданады деген ақпарат келіп түсті. Хабарлама бойынша полицейлер тұрғынның жеке басын анықтап, одан жауап алды.
50 жастан асқан тұрғыннан құрамында есірткісі бар 250 дана трамадол дәрісін тапты. Тәртіп сақшылары ер азаматқа заңға қайшы дүниелерді қолдануға болмайтындығын, оның денсаулыққа қауіпті екендігін түсіндірді.
Аталған дерек Келес АПБ-ға тіркеуге алынды. Полиция тарапынан жинақталған іс құжаттар заңды шешім қабылдау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жолданды.