Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Келесте жаяу жүргіншеден марихуана тәркіленді

Келесте жаяу жүргіншеден марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес ауданының полицейлері «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде салынған әкімшілік айыппұлды төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды анықтап, оларға әкімшілік шара қолдануда.

Рейд кезінде жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция тобының инспекторлары көше бойында жүрісі күдік тудырған азаматты байқайды. Содан келестік полицейлер тексеру барысында орта жастағы азаматтың сырт киімінің қалтасынан ақ түсті қағазға оралған есірткіге ұқсас затты анықтады.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді.

Жаяу жүргіншіден тәркіленген зат сараптамаға жолданып, 10 грамм болатын кептірілген марихуана екендігі анықталды. Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру