Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Келестік полицейлер үйінде есірткі сақтаған тұрғынды анықтады

Келестік полицейлер үйінде есірткі сақтаған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Полиция қызметкерлері «Қарасора-2022» профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Осы тұрғыда Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғынның үйінде есірткі сақтағанын анықтады.

Полицейлер оның үйін тінту кезінде бір дана полиэтилен пакетке салынған жасыл түсті өсімдік ұнтақтарын, бір дана өсімдік затын тұтынуға арналған полиэтиленді бөтелке және терезе алдынан А4 форматтағы қағазда кептіріліп жатқан өсімдікті айғақты зат ретінде алды. Оған сараптама тағайындап, нәтижесінде кептірілген марихуана екені расталды.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекусорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Белгілі болғандай, ер адам бұған дейін де дәл осы бап бойынша сотты болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру