Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентау полицейлері браконьерден тіркелмеген мылтық пен оқ-дәрілерді тәркіледі

Кентау полицейлері браконьерден тіркелмеген мылтық пен оқ-дәрілерді тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қаласының полицейлері заңсыз аң аулау және браконьерлік деректерін анықтауға, жолын кесуге бағытталған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында атыс қаруын заңсыз сақтау жайтын анықтады. Тәртіп сақшылары мен «Охотзоопром» инспекторлары бірлесіп жүргізген рейд барысында таулы аймақта күмәнді Кентау қаласының тұрғыны тоқтатылды.

Тексеру кезінде ер адамнан Мусин тіркелмеген аңшы мылтығы мен оқ-дәрілер тәркіленді. 

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді. Бүгінгі таңда болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру