Кентау полицейлері мас халде көлік басқарған ер адамды анықтады
Кентау полицейлері мас халде көлік басқарған ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кентау қаласы ПБ-ның полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында, күнделікті жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша тұрақты түрде іс-шараларды жүргізуде. Осындай шара барысында Кентау ПБ полицейлері қызметтік міндетін атқару барысында ішімдік ішіп, көлік басқарған жүргізушіні анықтады.
Полицейлердің рейді кезінде түнгі сағат 00:30 шамасында Ваз 211440 маркалы автокөлігі Ваз 2101 автокөлігімен соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасағаны белгілі болды.
Осылайша, оқиға орнын тексеру кезінде полицей жүргізушінің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктенді. Содан соң Ваз 211440 көлік жүргізушісін медициналық сараптамадан өткізді. Қорытындысы бойынша автокөлік жүргізушісінің «ауыр» дәрежедегі мас күйде болғаны расталды. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында аталған көлік иесі 2021 жылдың қаңтар айында Кентау қалалық сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтҚ-нің 608-бабына сәйкес көлік басқару құқығынан 3 жылға айырылғаны анықталды.
Бүгінде жүргізушінің жүргізу куәлігінің жоқтығына қарамастан екінші рет мас халде автокөлік басқарғаны үшін ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.