Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентау тұрғынынан шолақ мылтық пен 20-ға жуық оқ-дәрі тәркіленді

Түркістан облысының полицейлері ер адамнан шолақ мылтық пен 20-ға жуық оқ-дәрі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-профилактикалық іс-шаралар кезінде Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау дерегін анықтады. 

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ҰҚҚК басқармасының қызметкерлері қару сақтады деген күдікпен Кентау қаласының тұрғынын анықтады.

Тінту шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары үйден 16 калибрлі шолақ мылтық пен 20-ға жуық оқ-дәріні алып шықты. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және барлық мән-жайлар анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру