Кентауда полицейлер жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бақылауды күшейтті
Кентауда полицейлер жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бақылауды күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер Кентау қаласы аумағында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өткізді. Полиция бөлімі бастығының орынбасары Марат Қадыркұловтың жеке құрамға атқарылатын жұмыстар бойынша берген нұсқамасына сәйкес 7 компьютерлік клуб, 3 тойхана, ойын-сауық орындары мен жастар көп шоғырланатын аймақтар тексерілді.
Нәтижесінде түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз жүрген 14–17 жас аралығындағы 8 жасөспірім полиция басқармасына жеткізілді. Сондай-ақ ойын-сауық мекемесінде болған 1 жасөспірім анықталып, заңды өкіліне қатысты және компьютерлік клубқа
"Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру" бойынша тиісті шаралар қабылданды. Тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
