Кентауда ұры әйелден самокат жымқырып кетті
Кентауда ұры әйелден самокат жымқырып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданды. Оның айтуынша, тұрғылықты мекенжайының подъезінде тұрған самокатты белгісіз біреулер жымқырып кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 30 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Оқиғаның мәнжайын анықтау үшін жедел уәкілдер тобы көрген білген куәгерлерден жауап алды. Сондай-ақ полицейлер жақын маңдағы бейнекамераларды тексеріп, қажетті деген іс-шаралардың барлығын атқарды.
Нәтижесінде тәулік ішінде күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар қолды болған самокат заңды иесіне қайтарылды.